Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевта өткен селекторлық мәжілісте айтылған заңдылықты орындау мақсатында: өзіне-өзі қол салудың алдын алу; жеткіншектер арасында қылмыс жасауға, мезгілсіз жүруге, заң бұзуға жол бермеу; ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігі; адамгершілік-жыныстық тәрбие сұрақтары бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобының құрамына Ақмола облыстық білім басқармасының, облыстық наркологиялық оңалдыру орталығының, облыстық ЖИТС-ң алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, ІІД НҚКБ-ң, СӨСҚО-ң, Көкшетау қ. № 7 ОМ-ң мамандары кірді. Осыған байланысты адамгершілік-жыныстық тәрбие, АИТВ-инфекцияның алдын алу, нашақорлық, тым ерте жүкті болып қалу сұрақтары бойынша 8 оқыту семинар-тренингі өткізілуі жоспарлаған.
Осындай шығып тұру іс-шараларының бірінші «аялдамасы» Есіл ауданы болды. 27 қазан 2015 жылы Есіл қаласының № 3 ОМ базасында Есіл, Жақсы, Жарқайың аудандарының директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік педагогтар қатысты. Жалпы конференциядан кейін жұмыс топтары бойынша басталды. Облыстық ЖИТС-ң алдын алу және оған қарсы күрес орталығы алдын алу бөлімінің социологы Конуспаев Нурлубек директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «АИТВ-инфекцияның алдын алу» атты семинар-тренинг өткізді. Тренинг тобындағы жұмыс аудиториямен тікелей сөйлесу, «ақыл-кеңес шабуылы» техникасы, топшалар бойынша жұмыс, пікір алмасу, дискуссия, бейнесессиялар арқылы құрылды. Аудиторияда осы мәселе бойынша мүдделік атмосферасы, шынайы қөңіл бөлу мен аяушылық тұрды. Мұның бәрі мотивациялық және тақырыптық бейнероликтермен бекітілді. Байланыс жауабында тренинг қорытындысы жасалды, АИТВ-инфекция бойынша тестілік тапсырмалар арқылы білімдерін бағалау өткізілді, әсерлер және эмоциялармен бөлісті. Тренингке дейін ақпараттылық - 85,25% құрады, тренингтен кейін - 100%.
Семинар-тренинг аяқталғаннан кейін сертификаттар тапсырылды.