2018 жылдың 16 қазан күні «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, «Ана үйі» қоғамдық қоры қатысуымен «Ерте жүктіліктің қауіптілігі. ЖЖБИ, АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбында Ақмола облысы «Бурабай» және Жоғарғы колледждердің студенттерімен кездесу өткізді.
Облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының педагогі Кульбаева А.Е. адамгершілік-жыныстық тәрбие туралы, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шараларымен таныстырып өтті. Өз кезегінде студенттер аталған іс шараға белсенділік танытып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды. Соңында тыңдаушыларға ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.