2018 жылдың тоғызыншы қазан күні «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, «Ана үйі» қоғамдық қоры мен облыстық Дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастырды дамыту және талдау орталығы» КММ-ң қатысуымен «Жарқын болашақ үшін!» тақырыбында Ақмола облысы Красный яр селосы №3 Агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
КҚТДО КММ спикерлері деструктивті жалған діни ағымдардың қаупі және экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстары туралы ақпарат берді. «Ана үйі» ҚҚ-ң қамқоршысы жүктіліктен кейін туған-туысқандардың, өмірлік серігінің айнығып кетуінен кейін, тап болған қиын өмірлік жағдайыммен таныстырып, жастарды ересек өмірге асықпауға және өз өміріне сүйіспеншілікпен қарауға шақырды. Облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының педагогі Кульбаева А.Е. адамгершілік-жыныстық тәрбие туралы, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шараларымен таныстырып өтті.
Жастар баяндамашыларға ризашылықтарын білдіріп, еліміздің болашағы жарқын болуына сенімін білдірді.