15-16 қазан 2015 жылы Ерейментау қаласында «Өнер бар жерде нашақорлық жоқ» атты жастар ән және би фестивалі өтіп, «Нашақорлық біздің таңдауымыз емес» дәрісі жасалып, оқу мекемелерінің оқушылары, студенттері арасында, нашақорлықпен айналысатын саладағы мамандар арасында "АИТВ, ЖИТС нашақорлықтың биологиялық сәлдері" атты дәріс өткізілді. Бұл іс-шараға Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы және облыстық наркологиялық оңалдыру орталығының, СӨС қалыптастыру орталығының мамандары белсенді қатысты. Ұйымдастырушы ретінде «Жұлдыз» бірлестігі болды. Іс-шара барысында ЖИТС Орталығының социологы Конуспаев Н.А. елдегі, облыстағы 2015 жылғы 6 ай ішіндегі эпиджағдай туралы айтып, АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша оқушылар мен ұстаздар арасында қаншама ақпаратқа ие екені жөнінде тест жасады. Оқушылардың ақпараттанғаны 52%, ұстаздардың деңгейі - 73,75%. Екі күн ішінде ұстаздар үшін 1 семинар және оқушылар үшін 4 семинар-тренинг өткізілді. Барлығы 241 адам қамтылды, оның ішінде 61 педагог және 8-ден 11 сыныпқа дейінгі 180 оқушылар қатысты.