2018 жылдың 25 қыркүйегінде облыстағы инемен есірткі тұтынатын адамдар арасында өткізілетін алдын алу бағдарламалары жөнінде және нашақорлықтар мен АИТВ-инфекциясының сұрағы бойынша жеке құрамын дайындау мақсатында, Ақмола облысының ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметкерлерінің өкілдерімен семинар өткізілді. Семинар барысында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері - Асель Балтабаева, Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың деректерін беріп, «Снижение вреда» алдын алу бағдарламасының жүзеге асыру жолы туралы, сондай-ақ инемен есірткі тұтынатын адамдар арасында АИТВ-инфекциясының таралуына әсер ететін ықпалдарын талдады. Осал топтардың арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыру барысында туындаған мәселелер ішінде, дәрігер, құқық қорғау органдарымен байланыстыларды аса белгіледі және семинар соңында полиция қызметкерлерімен бірге, олардың шешім жолдарын тауып көрді.