2018 жылдың 12-13 қыркүйек күндері «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен бірлесе отырып Целиноград ауданында «Жастар денсаулықты таңдайды!» атты ақпараттық-түсіндіру акцияны өткізді. Жастар арасында құлықтылық-жыныстық тәрбие сұрақтары, отбасының құндылықтары, ерте жүктілік пен АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу бойынша кездесулер, диалог алаңдары мен акциялар өткізді.
Іс шара барысына Целиноград ауданының 16-17 жастағы Қараөткел, Қосшы, Талапкер, Қоянды ауылдарының және Астана қ. дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандырылған мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Барлығы бір мыңнан астам жасөспірімдер қамтылды.