Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері» ДЭФ БЖЖИ индикаторлар көрсеткіштерін жүзеге асыруда, 2018 жылдың тамыз айында ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігері Ш. Төребаев үлкен, орта және кіші 42 кәсіпорындарының басшыларымен жеке кездесулер өткізіліп, сонымен қатар «Көкшесбыт» ЖШС мекеме қызметкерлеріне дәріс оқылды.
Кездесу барысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың таңбасы мен кемсітушілік сұрақтары талқыланып, жұқтыру қауіпі тұрмыстық жағдайда және жұмыс барысында, сондай-ақ вирус ауа арқылы жұқпайтындықтан, қол алысқанда, ортақ ыдыс, құралдарды қолданғанда, бассейн, моншаға түскенде жұқпайтындығын әңгімеледі.
АИТВ бизнеске ешқандай жағымсыздығын тигізбейтінін, АИТВ-ға тексерілу және емделу Қазақстанда мемлекеттің есебінен жүргізілетіні айтылды.
Кездесу соңында, басшыларға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары бойынша, ақпарат кестесі таратылып, ДЭФ БЖЖИ саулнамасы және әлеуметтік сұрақтары өткізілді.