15 қазан 2015 жылы Ақмола «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорында «Тұрғындарды білімдендіру, мысалы, бизнес-құрылымдарды, АИТВ/ЖИТС-ң алдын алу, емдеу туралы. Бизнеске АИТВ/ЖИТС-ң әсері, Қазақстанның бәсекестікке қабылетінің жаһандық идексін жақсарту» атты Шығыс Қазақстан облысының «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі және Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы бірлесіп, семинар өткізді. Семинарға ірі және орта бизнестің 33 өкілі қатысты.
«Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кудияров Е. өз сөзінде біздің елдің 30 бәсекестікке қабылетті әлем елдеріне кіретін мақсаты жөнінде, «Қазақстан-2050 стратегиясы туралы айтып берді. Дүниежүзілік экономикалық жиылыс жыл сайын жаһандық бәсекестікке қабылетті 144 мемлекет рейтингін жариялайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 2014-2015 ж.ж. Қазақстан аумағында эпидемиялық үдерістің дамуы тұнған кезеңінде -0,2%, орта әлемдік көрсеткіш-1,1%. АИТВ-инфекцияның таралу көрсеткіштері бойынша Қазақстан жайлы елдер тобына кіріп, 1 орынға ие болды. Ал «АИТВ/ЖИТС-ң бизнеске әсері» көрсеткіші бойынша Қазақстан 80-ші орынға ие болды. Бұл көрсеткіш ірі және орта бизнес жетекшілерінің сауалнамасынан алынған.
ЖИТС ОО-ң алдын алу бөлімінің меңгерушісі Хван З.А. алдын алу шараларын қолданып, АИТВ-инфекцияның жолын кесуге болатыны, АИТВ-инфекцияны диагностикалау, емдеу Қазақстанның әр азаматына қолжетімді екені жөнінде айтты. АИТВ-мен тұратын, антиретровирустік терапия алатын адамдар ұжымның толыққанды мүшелері болып табылады, қоғамға қауіпті емес. Қазақстанда анадан балаға АИТВ жұғуының алдын алу АИТВ-жұқтырған әйелге антиретровирустік терапияны жүктілік кезінде, босанғанда, босанғаннан кейін, жаңа туған нәрестеге көрсету арқылы жасалады. 2014 жылы анадан балаға АИТВ жұғу деңгейі 0,8% дейін төмендеді (2013 жылы - 1,7%). Республика бойынша емдеумен қамту 74% құрады, үстеміздегі жылда Ақмола облысы бойынша емдеумен қамту 85% құрады. Өлім көрсеткіштерін азайту бойынша 2010 жылғы 17%-дан 2014 жылы 8%-ға төмендеді.
Әңгіме барысында АИТВ-инфекцияның жұғу жолдары бойынша, кемсіту, жасырын және құпия зертханалық зерттеу туралы айтылды. Ірі және орта бизнестің жетекшілеріне «Қазақстан АИТВ-инфекциясыз» атты жаднама таратылды.