Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері» ДЭФ БЖЖИ индикаторлар көрсеткіштерін жүзеге асыруда, 2018 жылдың 26 маусым айында кәсіпорындар мен кіші бизнес-құрылымдарының басшыларымен жеке кездесулер өткізу кезінде ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігері Ш.Торебаев Көкшетау қаласында мына «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы, «Кокше Агроинвест» ЖСШ, «Европласт First» ЖШС, бизнес басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың таңбасы мен кемсітушілік сұрақтары талқыланып, жұқтыру қауіпі тұрмыстық жағдайда және жұмыс барысында, сондай-ақ вирус ауа арқылы жұқпайтындықтан, қол алысқанда, ортақ ыдыс, құралдарды қолданғанда, бассейн, моншаға түскенде жұқпайтындығын әңгімеледі.
АИТВ бизнеске ешқандай жағымсыздығын тигізбейтінін, АИТВ-ға тексерілу және емделу Қазақстанда мемлекеттің есебінен жүргізілетіні айтылды.
Кездесу соңында, басшыларға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары бойынша, ақпарат кестесі таратылып, ДЭФ БЖЖИ саулнамасы және әлеуметтік сұрақтары өткізілді.