2018 жылдың 31 мамырында - 1 маусымында Ақмола ЖИТС ОО эпидемиологиялық бөлімінің мамандары - С.К.Жаканова және Б.И.Бапеновамен, Көкшетау қаласының № 1 қалалық емханасы мен облыстық ауруханасының дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлеріне семинар циклі өткізілді. Семинар барысында, медициналық қызметкерлер Республикалық және облыстық АИТВ-инфекциясы бойынша, эпидемиологиялық жағдайымен, қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарымен, кәсіптік жұқтырудың алдын алуымен, АИТВ-инфекциясына зертханалық тексерілуде, қанды беру алдындағы бөлімдерінің талаптарымен танысты. Ауруханаішілік АИТВ-инфекциясының кәсіптік жұқтыруына жол бермеу жөнінде, өзара әрекеттесу сұрақтары талқыланды.