«Ұлттық «Өрлеу» білікті жетілдіру орталығы» АҚ-ң Ақмола филиалы базасында 15 қыркүйек 2015 жылы Ақмола облысы мектептері және колледждерінің педагог-психологтарымен «ИКТ, интербелсенді формалар мен әдістерді АИТВ-инфекциясы бойынша алдын алу жұмысына енгізу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті. «Білім мекемелерінде АИТВ-инфекцияның алдын алу әдістері» тақырыбымен Ақмола ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің педагогы Сулейменова А.С. сөз сөйлеп, мектептер, колледждердің педагогтары, оқушылары арасында 2015 жылғы 1-ші ж/жылдықта АИТВ-инфекция сұрақтары бойынша өткізілген социологиялық сауалнама мәліметтерін келтіріп, қатысушылар арасында АИТВ-инфекция сұрақтары бойынша сауалнама өткізді. Қатысушылар тест сұрақтарын талдап, ол небір қиыншылықтар туғызды, «Тең-теңінеге» оқыту қағидасын талдады. Шағын топтарда «Өмір АИТВ-мен» жағдайлары түсіндірілді, «АИТВ-оң адам мүсіні» тренингі өткізіліп, білім ұйымдарында педагогтар, оқушылар, ата-аналар арасында осы мәселелер бойынша алдын алу жұмысының тиімді жолдары талданды. «Дөңгелек үстелдің» барлық қатысушыларына - 27 адам, ақпараттық-білімдендіру материалы таратылды.