2018 жылдың 11 мамырында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мәжіліс залында, Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды, еске алу күніне орай, баспасөз-конференциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты - АИТВ-инфекциясының таралу мәселесіне, әлеуметтік қорғауға, АИТВ-ға оң адамдарды кемсітушілігі мен таңбасына қоғамның назарын аударту.
Баспасөз-конференциясын эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі- Сауле Жаканова, Еске алу күнінің шығу тарихын, оның өткізілу мақсатын, сонымен қатар «Ұмытпаймыз! Білеміз! Жеңеміз!» атты республикалық акциясы туралы әңгімелеп ашты. Әрі қарай Сауле Касеновна, 2018 жылдың 10-мамырына Ақмола облысының эпидемиологиялық жағдайы бойынша деректерін айтты.
Баспасөз-конференциясының екінші спикері - емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі - Сандугаш Бурмаганова болды. Оның баяндау тақырыбы - ««Тестіле және емде» ДДСҰ стратегиясын іске асыру», үдерісте АИТВ-инфекциясын емдеу әдісі мен диспансерлеу бойынша деректерін жеткізді.
Мамандар тек, анық ақпаратты жариялауға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың таңбасы мен кемсітушілігін шеттетуде, кең ауқымда алдын алу шараларының маңызды сақталуын жеткізуге, журналисттерді шақырды.
Баяндаудан кейін, әртүрлі сұрақтар талқыланып, сол сұрақтарға қатысушылар, мамандардан толық жауаптарын алды.