«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған баспасөз-релизі

11.05.2018

«Ақмола облысында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне ұштастырылған, «Есте сақтаймыз, білеміз, жеңеміз!» атты республикалық акциясы басталу» баспасөз-релизі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша, әр мамырдың үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі, соныме қатар халықтың ақпараттық деңгейін жоғарылату әрекетіне шақыру, АИТВ-мен өмір сүретіндерді қолдау және АИТВ-инфекциясынан зардап шеккендерді еске алу символы болып табылады. 2018 жылы бұл күн 20 мамырға келіп тұр.

Ең алғашқы рет ЖИТС-тың құрбандарын еске алу күні 1983 жылы Сан - Францискода (АҚШ) атап өтілді. Бірнеше жылдан кейін, осы ауруға қарсы қозғалыс символы пайда болды- ол адамдардың киімдеріне ілінетін қызыл таспа - түсінушілік пен тілектестік, себебі ЖИТС - жасына,жынысына және әлеуметтік жағдайына шектеуі жоқ. Ал бастысы- адамзат бұл ауруды жеңеді деген үміт символы.

Еске алу күні квилт тігу - жақын адамдарды еске алуға арналған еске алу полотналарын, матаға шағын суреттер тігу дәстүрі бар. Еске алу күні білтелермен шерулер, панихидалар, теле-радио бағдарламалар, қайырымдық концерттер, ағарту акциялары, көркем көрмелер және АИТВ және ЖИТС мәселесі бойынша басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Осы жылы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай «Есте сақтаймыз, білеміз, жеңеміз!» атты ұранымен республикалық акциясы басталуда, сонымен қатар АИТВ-инфекциясының таралу жолы мен алдын алу әдістері туралы көп адамдарды, көбінесе жастарды ақпараттау мүмкіндігі болып табылады.

Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен алдағы Еске алу күнін, халық арасында кең ауқымды шараларды өткізу жоспарланған:

14.05.2018 ж.- Көкшетау қаласының Орталық базар аумағында жедел-тестілеумен АИТВ-инфекциясының диагностикасын өткізуге және орталықтың мамандарымен кеңес беруге, ақпараттық-білімдендіру материалдарын таратумен акцияға шығу;

16.05.2018ж.- Көкшетау қаласының Орталық универмагы аумағында жедел-тестілеумен АИТВ-инфекциясының диагностикасын өткізуге және орталықтың мамандарымен кеңес беруге, ақпараттық-білімдендіру материалдарын таратумен акцияға шығу;

17.05.2018 ж.- Қалалық саябақ аумағында колледждердің студенттері арасында квест-ойындар өткізу;

18.05.2018 ж.- Көкшетау қаласының қалалық саябақ аумағында жедел-тестілеумен АИТВ-инфекциясының диагностикасын өткізуге және орталықтың мамандарымен кеңес беруге, ақпараттық-білімдендіру материалдарын таратумен акцияға шығу.

 

Ақмола облысы бойынша 2018 жылдың 1-ші мамырына эпидемиологиялық жағдайы

Ақмола облысы АИТВ-жұқпасымен ауыратын орташа өңірге жатады. 2018 жылдың 1-ші мамырына 555 АИТВ-жұқтырғандар анықталды, 100 мың тұрғындарға шаққанда көрсеткіш -75,6, ал ортареспубликалық көрсеткіші - 119,97 (21496). 2018 жылдың 4 ай ішінде 39 АИТВ-жұқтырғандар, 2017 жылдың осы кезеңінде -32 анықталды.

АИТВ-жұқтырғандар облыстың барлық өңірлерінде тіркелген. Бұрынғыдай АИТВ-ның таралуы жоғары деңгейде, Атбасар ауданында - 144,4, Ерейментау ауданында - 87,5, Ақкөл ауданында - 117,5 және Степногорск қ.- 82,8, Көкшетау қ. - 119,4.

Облыста есеп беру кезеңінде ең көп жұқтырғандар 30-39 жастағылар, АИТВ-жұқтырғандардың жалпы анықталған санынан, үлес салмағы 43,6 % құрады. Бұрынғыдай АИТВ-ны жыныстық қатынас арқылы жұқтыру көп, осы жылы 89,7 % құрады (2017-80,0 % );

Диспансерлік есепте 01.05.2018 жылға 526 адам кумулятивтік тұр, антиретровирустік терапияда 357 АИТВ-жұқтырғандар тұр. Жүктілердің жалпы саны 127, 80-ні босанды, туылған 50 бала «дені сау» ретінде есептен шығарылды, перинаталдық байланыс бойынша 20 бала бақылауда.

Аудандарда тұрғындарға дер кезінде және жүйелі скрининг жасалады, оның нәтижесі-зертханалық зерттеумен облыстың 4,2 % тұрғындары қамтылды (20167ж-3,8 %).

Облыста Бағдарламаның негізгі мақсатына қол жеткізілді - АИТВ-жұқпаның таралуы тұрақталды, оның шоғырланған кезеңі бас кезеңге ауысты, 15-49 жастағылар арасында АИТВ-ның таралуы 0,14 % құрады, Меморандум бойынша күтілгені 0,22 %.