Соңғы жылдары Ақмола облысы өңірлерінің бөлімдерінде АИТВ-инфециясы жағдайының өсу беталысын тіркеу белгіленеді. Степногорск - нашар өңірлердің бірі болып табылады. Бұл өңірде АИТВ-инфекциясының таралу құрылымында инекциялық жолы басым болып табылады; жас шамасы бойынша АИТВ-инфекциясы іс жүзінде халықтың барлық топтарында, туған кезден 60 жасқа дейін таралған. Үлкен алаңдаушылықты инемен есірткі тұтынатын адамдар шақырады.
Ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында, 2018 жылдың 20-шы сәуірінде ЖИТС АОО Степногорск қаласына шығу жүзеге асырылды. Шығу барысында, Г.М.Абилов аудан Әкімінің орынбасары төрағалығымен, АудОНБ, АІДБ, көші-қон полициясы, әлеуметтік қорғау өкілдері, өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларының қатысуымен, аудандық үйлестіру кеңесінің отырысына қатыстық.
ЖИТС ОО ҰӘБ меңгерушісі- С.А.Ашимова мен өңір бойынша сенім дәрігері (Н.К.Ізтлеуова) өз ақпараттарында мәселе сұрақтарын баяндады: халықтың негізгі осал топтарын алдын алу бағдарламаларымен қамту; эпидемиологияға қарсы іс-шаралар өткізу үшін, АИТВ жұқтырған адамдар мен бұрын байланыста болған адамдарды іздеу; халықтың арасында ақпараттық-білімдендіру жұмысын өткізуде, сұрақтарға жоғарғы деңгейде мүмкіндіктерінше БАҚ, жарнама агенттіктерін, бизнес кәсіпорындарының басшыларын, білім ұйымдарының және т. б.назарын аударту; антиретровирустік дәрі-дәрмектермен емделетін, сондай-ақ материалдық жағынан шектеу мен құнарлы тамақтануға мүмкіндіктері жоқ, АИТВ жұқтырғандарға әлеуметтік қолдау көрсету сұрақтары қозғалды.
Алдын алу жұмысын өткізуде, инемен есірткі тұтынатындардың құралдарына, аудан әкімімен халықтың осал топтарымен алдын алу жұмысы өткізілетін орын бөлінген, бірақ бүгінгі күні бұл орын жөндеуді қажет етеді.
Өңірлерде АИТВ-инфекциясының таралуын жібермеу мен жағдайды жақсарту бойынша, белгілі мерзімде шараларды қолдану жөнінде, барлық ведомстволық құрылымдарына тапсырма берілді.