27 наурызда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері - Асель Балтабаевамен, Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің бірінші курс студенттерімен дәріс өткізілді.
Дәріс барысында, АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістерін ұғындырып, сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітушілік сұрақтары талқыланды. Сондай-ақ, студенттер бейнероликтер көріп, дәріс соңында сауалнамалар жүргізілді.