2018 жылдың 14 наурызында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының маманымен «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің ұжымдарымен АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өткізілді.
Алдын алу бөлімінің дәрігері - Ш.Торебаев қатысушыларға, ЖИТС пен АИТВ жұқпасы дегеніміз не, жұғу жолдарын, диагностикасы мен алдын алу шараларын, облыс бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайының статистикалық санын, АИТВ мен өмір кешетін жандардың таңбасы мен кемшілігін әңгімелеп берді.
Қорытынды соңында ақпараттық - білімдендіру материалдары таратылды. Тыңдаушылар саны 28 адамды қамтыды.