2018 жылдың 6 наурызында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандарымен, АИТВ-инфекциясының алдын алу сұрақтары бойынша, аудандық ЕАҰ госпитальді эпидемиологтарымен, АИТВ және ЖИТС бойынша, жауапты дәрігерлерімен және бас дәрігердің орынбасарларымен селекторлық тәртіпте семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық қадағалануы бойынша сұрақтары және халықты эпидемиологиялық көрсеткіштері жөнінде тексерілулері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлеуді ұйымдастырылуы, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алуы, АИТВ жұқтырған әйелдерден туған балалар мен жүкті әйелдерді енгізу алгоритмдері қаралды. Сонымен қатар, зертхана зерттеулерін өткізудегі талдау алдындағы кезеңді сұрақтары мен халықтар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуді ұйымдастырулары талқыланды.