2018 жылы 27-ші ақпан айында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігер Шортанбай Төребаев, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша, Дүниежүзілік экономикалық форумының бәсекеге жарамдылық жаһандық индексінің индикаторларын жақсарту мақсатында басшылармен кездесіп, сонымен қатар «Алтынтау Кокшетау» АҚ қызметкерлеріне дәріс өткізді. Дәрігер, АИТВ және ЖИТС бизнеске ешқандай жағымсыздығын тигізбейтінін, АИТВ-ны емдеуге байланысты ешқандай шығын шығармайды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар айналадағыларымызға қауіпті емес, себебі инфекция ауа арқылы, ортақ құралдарды, ыдыстарды қолданғанда жұқпайды екендігін әңгімеледі. Қазақстанда АИТВ-ға тексерілу және емделу, мемлекеттің қаражат есебінен жүзеге асырылатынын, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды жұмыстан шығарып тастауға, яғни кемсітуге болмайтынын айтып берді.
Кездесу соңында директордың орындаушысына АИТВ-инфекциясының таралу жолдары бойынша ақпаркесте, ДЭФ сауалнамаларын беріп, ал қызметкерлермен әлеуметтік сауалнамалар өткізді.