2018 жылдың ақпан айында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандарымен, 2017-2018 оқу жылына бекітілген кестенің келісімімен, Красный Яр с. №3 ОМ, №21ОМ, №7ОМ, №13 ЭМГ оқушыларымен және «Арна» и «Бурабай», Медициналық жоғарғы колледжінің, азаматтық қорғау көпсалалы колледжінің және Ш.Уәлиханов атынд. КМУ студенттерімен АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша кездесу өткізілді. Тыңдармандарға вирустың пайда болу тарихы туралы, оның иммундық жүйеге әсерін, таралу жолы мен алдын алу шараларын әңгімеледі және де АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынаста болу керектігіне ерекше көңіл аудартты. Білу деңгейлерін анықтауда сауалнамалар өткізіліп, «Жеке тарихы», «Мен қорықпаймын, мен білемін!» бейнероликтері мен «Арман» фильмі көрсетілді.