«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Сандықтау ауданында бизнес- құрылымы басшыларымен семинар

16.02.2018

2018 жылы 15-ші ақпан айында Ақмола облысының Сандықтау ауданының әкімдігінде,бизнес - құрылымы басшыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша, Дүниежүзілік экономикалық форумының бәсекеге жарамдылық жаһандық индексі индикаторларын жақсарту жөнінде семинар өткізілді.

Семинарда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы және Ақмола облысының түбіркүлезге қарсы диспансерінің мамандары сөз сөйлеп, орта және шағын бизнес-құрылымдарынан 29 адам қатысты.

ОЖИТСО эпидемиолог дәрігері Асель Балтабаева, ДЭФ БЖЖИ бойынша зерттеудегі Қазақстан рейтингі жөнінде шолу жасап, нақты АИТВ-инфекциясы бойынша көрсеткішіне тоқталды.

Қазақстан Республикасында 15-49 жас ересек топтағылардың арасында АИТВ-инфекциясының таралуы төмен деңгейде, ал сауалнама және АИТВ-инфекциясын емдеу, мемлекеттік қаражаттың есебінен тегін негізде жүзеге асырылады, яғни жұмыс беруші осы ауруға байланысты ешқандай материалдық шығын шығармайды. АИТВ- позитивті адамдар да, жұқтырмағандар сияқты барлық нәрсеге құқылы және өздерінің жұмыс істеу міндеттері үрдісінде, өз әріптестеріне ешқандай қауіп тудырмайды.Сонымен бұлардың барлығы АИТВ - инфекциясы бизнеске ешқандай әсер келтірмейтінін куәландырады.

Семинар соңында АИТВ-инфекциясының таралу жолдарының біліміне сауалнамалар мен әлеуметтік сұрақтар өткізілді.