2017 жылдың 8-ші желтоқсанында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының маманымен, Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментінде АИТВ-жұқпасы бойынша дәріс өткізілді.
Алдын алу бөлімінің дәрігері - Ш.Торебаев, қатысушыларға Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны жөнінде, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың таңбасы мен кемшілігін әңгімелеп, презентацияда Ақмола облысының АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдайына, таралу жолдары мен диагностикасына тоқталды.
Аудиториядағылар ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, сұрақтар қойды. Кездесу соңында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп және ақпараттық- білімдендіру материалдары таратылды.