2017 жылдың 6 -шы желтоқсанында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған, «Көкшетау» МС-да кең ауқымды жастар акциясы өтті.
Қатысқандар 600 адам: Көкшетау қаласының білім беру мектептерінің оқушылары мен ЖОО мен колледждерінің студенттері.
Акцияда әндер айтылып, би ансамбльдері билеп, бейнероликтер таратылды. Облыстық байқаудың жүлдегерлерін марапаттауды рәсімдеу жүргізілді: Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, ең жақсы акция жеңімпазы, Ерментау ауданының Өлеңті орта мектебі болды, екінші орын - Щучинск қаласының Жоғарғы колледжі, үшінші орынды Көкшетау қаласының № 1 құрылыс-техникалық колледжі алды.
«Мен қорықпаймын, мен білемін!» ең жақсы әлеуметтік ролигі байқауының жеңімпазы - № 5 көпсалалы гимназияның оқушысы - Кренделева Таисия болды, екінші орынды- №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенті - Жамшитов Дархан, үшінші орынды- №1 мектеп-гимназияның оқушысы - Лоскутова Александра алды. Байқаудың барлық жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мадақтамалармен және көтермелеу сыйлықтарымен - Бұланды ауданының Новобратская орта мектебі, Көкшетау қаласының «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «Мұрагер» аулалық клубы, Ақкөл № 2 орта мектебі және № 1 Ерейментау орта мектебі марапатталды.
АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша, белсенді жұмысына алғыс хаттармен және сыйлықтармен - Көкшетау қаласының Жастар ресурстік орталығы және Ерейментау, Ш.Уәлиханов атынд. КМУ жанындағы «Зияткер» пікірталас клубы марапатталды.
Акция барысында ақпараттық-білімділік материалдары мен жеке қорғану құралдары таратылды.