2017 жылдың 21-ші қарашасында Дүниежүзілік науқан аясында, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында Ашық есік күні өтті. Күні бойы кез-келген қалаушы иммуноферменттік талдау әдісімен және экспресс-әдісімен өз АИТВ-жағдайын біле алды,сифилис пен В және С вирустық гепатитіне тексеріліп, жоғары білікті мамандардан, сонымен қатар гинекологтан, дерматовенеролг пен психологтан кеңес алды, АИТВ-инфекциясы сұрақтары бойынша білім деңгейін тексеріп және бүктемелер мен үнпарақтар алды. Іс-шараға барлығы 23 адам қатысты: гинеколог пен психологтан 5 адам кеңес алды, дерматовенерологта - 3 адам, АИТВ-ға - 9 адам, сифилис пен В және С вирустық гепатитіне - 8 адам тексерілді. Орталыққа келушілердің ақпараттылық деңгейі 89% құрады.