2017 жылдың 20-шы қарашасында, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі З.Хван, «Таңдау» мектеп гимназиясының оныншы сынып оқушылары ата-аналарымен кездесу өткізіп, 45 адам қатысты.
З.Хван АИТВ - инфекциясы не екенін, инфекция қандай жолдармен таралатынын және таралмайтынын, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар айналамыздағылар үшін қауіпті емес, олармен дос болуға, оқуға және жұмыс істеуге болатындығын әңгімеледі. Жеткіншектердің жыныстық тәрбиесіне ерекше көңіл аударды. Сонымен қатар, «Денсаулық құқығы» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанын, «Н=Н» өткізіліп жатқан акциясы жөнінде ақпарат ұсынылды.
Кездесу соңында ақпараттық-білімділік материалдары таратылды.