Ақмола облысында 2015 жылғы маусымнан бастап тамызға дейін облыстың ауылдары мен аудандық орталықтарының тұрғындары үшін «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын іске асыру сұрақтары бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында «Салауатты ел» акциясы өткізілуде.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының қызметкерлері бұл акцияға белсене қатысып, облыстық наркологиялық оңалдыру орталығының, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен Бурабай, Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы, Есіл, Жарқайың аударында болды. Акцияға ауылдық тұрғындар, оқушылар, жұмыскер жастар, құқық қорғау органдарының, медицина, әкімдік қызметкерлері қатысты.
ЖИТС ОО мамандары жұртқа «Бізге әр адам қымбат» жобасы аясында ҚР және Ақмола облысы бойынша АИТВ-ң эпиджағдайы, жұғу, аурудың алдын алу жолдары көрсетіп, бейнелекторий ұсынды.
Кездесу барысында АИТВ-инфекцияның жұғу және алдын алу жолдары туралы әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, халықтың білімі 84,4% екені анықталды.
Буклеттің 3 түрі (300 дана) және бүктеменің 2 түрі (120 дана), плакаттың 4 түрі екі тілде таратылды (200 дана).