2017 жылдың 9 қарашасында Көкшетау жоғары медициналық колледжінің жатаханасында студенттермен кездесу өтті. Осы шарада Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы және жастар ресурстік орталығының командалары сөз сөйледі.
ОЖИТСО алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері - Асель Балтабаева, Ақмола облысының АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайын, таралу жолдары мен алдын алу әдістерін әңгімеледі. Дәріс барысында басты тақырыптарды сөз етуді қойып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітушілік сұрақтары да назардан қалған жоқ. Кездесу соңында тыңдармандарға ақпараттық бүктемелер таратылды.