2017 жылдың 10-қарашасы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мәжіліс залында, республикалық журналистер мен облыстық БАҚ және білім басқармасы мен жастар саясаты, Ақмола облысының ІІД, Облыстық наркологиялық оңалту орталығы мен басқа да мүдделі ведомствалықтардың қатысуымен, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына арналған «Денсаулық құқығы» ұранымен баспасөз-конференциясы өтті. Дүниежүзілік науқанның мақсаты: барлық қоғамның назарын аударту, салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, халыққа АИТВ және ЖИТС бойынша ақпаратты, бұқаралық ақпарат құралдардың пайдалануымен ұсынуды қамтамасыз ету, қазіргі техникалық құралдар мен білім беру түрінде, жастардың ақпараттану деңгейіне ерекше назар аударту. Денсаулық құқығы- бұл әр адамның құқығының ең биік қол жетерлік физикалық және психикалық денсаулығының деңгейі, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қосқанда және АИТВ-инфекциясының алдын алуы мен емдеуін қозғау, бұл өз денсаулығы бойынша шешім қабылдауға құқылы және кемсітушіліксіз инабатты және беделді қарым-қатынасқа құқылы. Баспасөз-конференциясының модераторы алдын алу бөлімінің меңгерушісі З. Хван сөз сөйледі, сондай-ақ қатысушыларға негізгі ережелер мен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында өткізілетін іс-шараларды айтып өтті. Әрі қарай эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі С. Жаканова, Ақмола облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың презентациясын ұсынды. Емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Г. Жақсылыкова аймақтағы АИТВ-инфекциясын емдеуде саласындағы жетістіктерін айтты. 2017 жылдың 10-шы қарашасынан 10-шы желтоқсанына дейін,Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны өтеді және «Көкшетау» мәдениет сарайында 6-шы желтоқсан сағат 16-00-де, жастар акциясымен аяқталады. Барлық қатысушыларға баспасөз хабарламасы, «НравноН» өткізілген акциясы мен АИТВ- инфекциясы жайында ақпараттық бүктемелер таратылды.