Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында, Ақмола облысының студенттері мен оқушыларының арасында облыстық «Мен қорықпаймын, мен білемін!» әлеуметтік бейнеролигіне байқау өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушылар: Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы
Қатысушылар: білім беру ұйымдары: мектептер, лицейлер, гимназиялар, интернаттар, балалар үйлері, Ақмола облысының колледждері мен ЖОО студенттері.
Тақырып: Халықтар арасында АИТВ-мен өмір сүретіндерге, төзімділік қарым-қатынас және АИТВ-инфекциясын алдын алу.
Мақсат: Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, тұрғындарға АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша шынайы ақпарат беру.
Байқаудың міндеттері:
-
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынас жасау;
-
АИТВ-инфекциясының алды алу бойынша халықтың ақпараттылық деңгейін жоғарылату;
-
Салауатты өмір салтын насихаттау.
-
Жауапты адамгершілік-жыныстық мінез-құлықтардың қауіпсіз дағдыларын дамыту.
-
Өткізу мерзімі: «Мен қорықпаймын, мен білемін!» әлеуметтік бейнеролигіне байқау 25.10.2017 - 25.11.2017жж дейін облыстық білім беру ұйымдарының арасында өткізіледі, байқаудың жұмыстары Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына 2017 жылдың 28 қарашаға, сағат 16:00 дейін кешіктірмей тапсырылуы тиіс.
Байқаудың шарттары:
Байқауға Ақмола облысының барлық білім беру ұйымдары қатыса алады. Байқаудың жұмыстарын таңдап алғанда олардың мазмұндылығы, ақпараттылығы, өзектілігі, бұқаралығы, креативтілігі, түпнұсқалығы, шығармашылық тәсілдемелері маңызды критерий болып табылады. Ғаламтордан материалдарды қолданбау керек!
Байқау жұмыстарының талаптары:
1. АИТВ-инфекциясының алдын алу мен АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынас тақырыбында түсірілген бейне желісі жеткізілуі қажет, мәтін сипаттамасымен ұзақтығы 1минуттан аспау керек.
2. Байқауға жіберілген жұмыстар МР4 немесе AVI форматында сапасы жақсы болуы қажет.
3. Жұмысты орындаған кезде, дайын желіні қолданбау, ғаламтордан бейнематериалдарды алмау. Облыстық ЖИТС орталығы АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу мен СӨС насихаттау жөнінде іс-шараларды өткізуде, ең жақсы байқаудың жұмыстарын авторлық құқығының сақталуымен ақпаратты-көрнекілік материал ретінде қолданады.
4. Байқауға жекелей түрде сияқты, сонымен қатар құрамы 3 адамға дейін топтық жұмыс жіберуге болады.
5. Байқау жұмысына міндетті түрде автор жөнінде ақпарат тіркеледі: автордың Т.А.Ә.аудан атауы, қала/ауыл, оқу мекемесінің атауы, сыныбы, тобы, жеке парақта байланыс телефон номерін жазу керек.
Байқау қорытындысын қорыту.
Байқау жұмыстары 28.11.2017 ж, сағат 16:00 дейін, Ақмола облыстық ЖИТС-тың мекен-жайы бойынша: Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі 29 А, №214 кабинетке тапсырылуға тиіс немесе электрондық поштаға akmolprof@mail.ru.
Байқау жұмыстары байқаудың комиссиясының отырысында 2017 жылдың 30 қарашада бағаланады.
Марапаттау:
Байқаудың жеңімпаздары Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған қорытынды акцияда дипломдармен, құнды жүлделермен марапаталады. Өткізілетін күні: 2017 жылдың 6 желтоқсаны, сағат 16.00-де «Көкшетау» МС-да болады.
Сұрақтар пайда болса, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына мына тел. бойынша: 8 (7162) 25-07-54 хабарласуға болады.