Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында, Ақмола облысы білім беру ұйымдарының арасында ең жақсы акция байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушылар: Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы
Қатысушылар: білім беру ұйымдары: мектептер, лицейлер, гимназиялар, интернаттар, балалар үйлері, колледждері Ақмола облысының ЖОО.
Тақырып: «Халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу»
Мақсат: Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, тұрғындарға АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша шынайы ақпарат беру.
Байқаудың міндеттері:
-
АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша халықтың ақпараттылық деңгейін жоғарылату;
-
салауатты өмір салтын дәріптеу;
-
жауапты адамгершілік-жыныстық мінез-құлықтардың қауіпсіз дағдыларын дамыту;
-
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынас жасау;
Өткізу мерзімі: «Халықтар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбына ең жақсы акция байқауы 25.10.2017-25.11.2017жж дейін облыстық білім беру ұйымдарының арасында өткізіледі, байқаудың жұмыстары Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына 2017 жылдың қарашаның 25-не дейін кешіктірмей тапсырылуы тиіс.
Байқаудың шарттары:
Байқауға Ақмола облысының барлық білім беру ұйымдары қатыса алады. Байқаудың жұмыстарын таңдап алғанда олардың мазмұндылығы, ақпараттылығы, өзектілігі, бұқаралығы, креативтілігі, түпнұсқалылығы, шығармашылық тәсілдемелері маңызды критерий болып табылады. Ғаламтордан материалдарды қолданбау керек!
Байқау жұмыстарының талаптары:
1.Мақсатты аудиторияны,акция мақсаты мен міндетін ашып,акция сценарийін дайындап жеткізу қажет.
2.Акцияға кіргізілуі керек:
- ақпараттық-білімдендіру бөлімі (олар болуы мүмкін: бейнекөрсетілім фильмдері немесе алдын алу роликтері,ойын, сөзжұмбақ,сахыналық көрсетілім және т.б.)
- мәдени-көпшілік бөлімі (өлең, би, флэшмоб, спорттық іс-шаралар, көрермендермен ойындар және т.б.)
3.Акцияны тек қана дайындау ғана емес, сонымен қатар өткізу керек. Акцияға қатысушылардың жалпы қамтылу саны 50 адамнан кем болмауы керек.
4.Сценарийдің әзірленуін Word форматында қағаз немесе электронды түрде, сонымен қатар фото қосу (5 жақсы фотосурет) және осы акцияның өткізілуімен бейне есеп (ұзақтылығы 3-4 мин.).
5.Байқау жұмысына міндетті түрде ақпарат тіркеледі: аудан атауы, қала/ауыл, оқу мекемесінің атауы, байланысушы адам және жеке параққа телефон номерін жазу керек.
Байқаудың қорытындысын қорыту.
Байқау жұмыстары Ақмола облыстық ЖИТС-тың мекен-жайы бойынша: Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі 29 А, № 214 кабинетке тапсырылуға тиіс немесе электрондық поштаға akmolprof@mail.ru.
Байқау жұмыстары байқаудың комиссиясынық отырысында 2017 жылдың 30 қараша бағаланады.
Марапаттау:
Байқаудың жеңімпаздары Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған қорытынды акцияда дипломдармен, құнды жүлделермен марапаталады. Өткізілетін күні: 6 желтоқсан 2017 ж. сағат 16.00-де «Көкшетау» МС-да болады.
Сұрақтар пайда болса, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына мына тел. бойынша: 8 (7162) 25-07-54 хабарласуға болады.