2017 жылдың 28 қыркүйек пен 3 қазан айында Көкшетау ЖШС Энерго филиалы мен басқармасында ЖИТС-тың алдын алу жөнінде дәріс өткізілді.
Ақмола облыстық ЖИТС -пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің дәрігері Ш.З. Төребаев қатысушыларға ЖИТС пен АИТВ жұқпасы дегеніміз не?жұғу жолдары, диагностикасы, алдын алу шаралары мен АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық ақуалы жөнінде мағлұмат берді.
Дәрісханадағылар ақпаратты қызушылықпен қабылдап, сұрақтар қойды. Дәріс соңында ақпараттық білімдендіру материалдары таратылды.Тындаушылар саны 63 адам қамтылды.