2017 жылдың 6 қазанында «ҚТЖ - жүк тасымалы» Ақмола бөлімінің пайдалану-локомотивтік депосында ұжым қызметкерлерімен «Болашаққа қадам» науқаны аясында,
Ақмола бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Науқанға Ақмола облысының ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы мен Облыстық наркологиялық оңалту орталығы қатысты.
Іс-шара барысында Ақмола облысы ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің социологі Н.Қонысбаев, таралу жолдары мен алдын алу әдістерін, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қарым-қатынастың төзімділігін және отбасында балалардың жыныстық тәрбиесінің маңыздылығына ерекше көңіл бөлу керектігін айта кетті.
Науқан соңында, «АИТВ жөнінде көп біл!» және «АИТВ-инфекциясы жайында жастармен қалай сөйлесуге болады» ақпараттық-білімдендіру материалдары таратылды. Тыңдаушылар 40 адамды қамтыды.