Қыркүйектің 4-і Астана қаласының ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығында аймақтық ЖИТС орталықтарының баспасөз-хатшыларына «Жұмыс барысында халықпен АИТВ -инфекциясы жайында жаңа тәсілдемесі,оны БАҚ-на, әлеуметтік желіде тиімді айқындау» атты тренинг өтті.
Кездесу мақсаты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің қазіргі жұмыс әдістерін енгізу қажет болды. Тренинг барысында Республикалық ЖИТС орталығының баспасөз-хатшысы Марина Максимова практикалық сабақ өткізді, нақты сөздік құрамының дұрыс болуына тоқталды, әлеуметтік желілерде, сайт мақалаларын жазу нақышын және баспасөз хабарламаларын толық жазу ақпартымен бөлісті.
Осы іс-шараға Республикалық аймақтардан17 адам қатысты.