«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Жазғы лагерьлерге бару

29.06.2015

Жыл сайын Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы жазғы кезде Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, Облыстық наркологиялық оңалдыру орталығымен, Облыстық білім басқармасының қолдауымен, Ақмола облысында орналасқан жазғы балалар лагерьлеріне, зиянды дағдылардан, нашақорлықтан, АИТВ-инфекциядан, әр түрлі аурулардан сақтандыру мақсатымен барып тұрады.

2015 жылдың 12 мен 29 маусым айында «Сокол» және «Чайка» сауықтыру орталықтарына алғашқы шығу болды. ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің педагогы А.С. Сулейменова мен психолог А.Қ.Бабағұлова ересектеу жасақтардың балаларымен АИТВ-инфекцияның алдын алу бойынша кездесулер өткізді. Кездесу барысында мына сұрақтар талқыланды: АИТВ және ЖИТС дегеніміз не, қандай айырмашылығы бар, адамның иммунотапшылығын не жояды, АИТВ-ң жұғу жолдары, алдын алу шаралары; «Ромашка» және «Иммунитет» жаттықтыруы өткізілді; «О ВИЧ/СПИД популярным языком в картинках» бейнеролигі көрсетілді; АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша сауалнама өткізіліп, жеткіншектердің білім деңгейі 53,3 % екені белгілі болды. Барлығы 709 бала қатысты. Кездесу соңында плакаттар мен брошюралар екі тілде таратылды.