Жаңалықтар : ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу Халықаралық күніне арналған квест ойыны
19.05.2017
ЖИТС-тен қайтыс болғандарды Халықаралық еске алу күнінің қарсанында Көкшетау қаласының орталық саябағында «Сенім» есірткеге тәуелді тұлғалары үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығының, облыстық наркологиялық оңалту орталығының, Көкшетау қ. пробация қызметінің командалары арасында квест-ойыны өтті. Ойынның басы Абылай-хан ескерткіші қасында басталып тапсырмалар берілген, жасырындар қалалық саябағының барлық аумағында жайғасты, әр командада жұмбақтар, тапсырмалар, ребустер, АИТВ-жұқпасы бойынша ақпараттандырылуы жөнінде және логика сұрақтары бар 10 нүктеде болды. Бас жүлде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының ғимараты алдындағы күмбезде жабылған алфавит бойынша сандармен шифрланған қор болды. Бірінші орынды «Сеним» оңалту орталығының командасы алды. Екінші және үшінші болып облыстық наркологиялық оңалту орталығының, Көкшетау қ. пробация қызметінің командалары танылды. Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ынтымақтастықпен және төзімділікпен қарауға, АИТВ жұқпасы болмасын деген үмітпен шарларды ұшырумен аяқталды.