«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған баспасөз-релиз

15.05.2017

Әр үшінші жексенбіде бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күні ЖИТС-тен қайтыс болғандарды туыстары, жақындары, таныстары еске алады. 2017 жылы бұл күн 21 мамырға түсіп тұр. Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнін өткізу мақсаты АИТВ/ЖИТС мәселесіне әлемдік бұқараның назарын аудару, АИТВ-жұқтырғандарды кемсітуден әлеуметтік қорғау болып табылады.

Ең алғашқы рет Еске алу күнін 1983 жылы Сан - Францискода (АҚШ) ЖИТС мәселесіне көңіл бөлген мүдделі бір топ адамдар ұйымдастырды. Енді бұл дәстүрге айналды. Осы күні әлемнің барлық елдерінде миллиондаған адамдар қайтыс болғандарды еске алу үшін, тірілерге ЖИТС індеті әрқайсымызға қауіпті екені туралы ойландыру үшін әр түрлі іс-шаралар өткізеді. Еске алу күнінің негізгі міндеті - індет жалмап кеткендерді еске алу, АИТВ/ЖИТС-пен тұратындарды қолдау, қоғам мен Үкімет назарын аудару.

Әлемде 1983 жылы салған, ЖИТС-тен қайтыс болғандарға арналған Бірінші Халықаралық мемориал бар. Бұл «ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу білтесі». Еске алу күні білтелермен шерулер, панихидалар, теле-радиобағдарламалар, қайырымдық концерттер, ағарту акциялары, көркем көрмелер және АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Осы күні адамдар киімдеріне қызыл таспа іледі - қайғыру және миллиондап қаза болғандарды еске алу белгісі, АИТВ-позитивті дәрежесі барлармен ынтымақтастық нышаны, ЖИТС-ң шекарасы, ұлты, жынысы, жасы жоқ екенін түсіну белгісі. Ал бастысы- адамзат бұл ауруды жеңеді деген үміт символы.

Еске алу күні квилт тігу - жақын адамдарды еске алуға арналған еске алу полотналарын, матаға шағын суреттер тігу дәстүрі бар. Сондай-ақ осы күні ағаштар отырғызу -әлемдік ЖИТС індетінің басталғанынан өткен жылдар саны бойынша.

Еске алу күнін өткізудің мақсаты - әлемдік қоғамның назарын ЖИТС-тен қайтыс болғандарға аудару. Мейлінше көбірек адамдарға ЖИТС-ң жұғу жолдары және қорғану құралдары туралы айту. Адамдарға қатерлі зонада: таңдаусыз жыныстық қатынасқа баратындар, есіртке тұтынатындар ауыратындығын еске салу, себебі ЖИТС жыныстық қатынас арқылы, қан арқылы және анадан балаға жұғады.

8-10 маусым 2016 жылы Нью-Йоркте БҰҰ елдер-мүшелермен, Қазақстан Республикасын қоса, БҰҰ Бас Ассамблеясының АИТВ/ЖИТС індетін тоқтату сұрақтары бойынша жоғары деңгейдегі Мәжілісі кезінде АИТВ/ЖИТС бойынша Саясаттық декларация қабылданды: АИТВ-мен күресті белсендіруге жылдам қарқынмен және 2030 жылға ЖИТС індетін тоқтату.

Саясаттық декларацияның мақсатына қол жеткізу үшін АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Бірлескен Бағдарламасы (ЮНЭЙДС) «2030 жылға ЖИТС індетін тоқтату» мақсатына қол жеткізу үшін «Жылдамдату стратегиясы» жаһандық бағдарламаны әзірледі. «Жылдамдату стратегиясы» ЖИТС індеті жайлаған географиялық аудандарда, бірлестіктерде тырмысуды күшейтуге және жоғары тиімді алдын алу бағдарламаларына ерекше көңіл бөледі.

 

«Жылдамдату стратегиясының» бір маңызды сәті (90-90-90) мақсаты болып табылады, ол АИТВ-мен тұратын барлық адамдардың 90 % өзінің АИТВ-дәрежесі туралы білетін болады; АИТВ-инфекция диагностикаланған барлық адамдардың 90 % антиретровирусік терапияны тұрақты алатын болады; вирустік салмақтың басылуына қол жеткізіледі, яғни қандағы вирус саны «анықталмайтын» болады, бұл АИТВ-мен тұратын адамдар басқа адамдарға АИТВ вирусін жұқтырмайды, өмір және оның сапасын жақсартады деген сөз.

Ақмола облысында соңғы 10 жылда (2006-2016 ж.ж.) оң өзгеріс байқалады:

-АИТВ-жұқпасының эпидемиляқ үдерісінің өсуінде инемен есіртке егу кезінде жұғудың парентеральдік жолының 3,5 ретке азаюы байқалады (42,9%-дан 12,3%-ға дейін);

-15-29 жастағы топта АИТВ-жұқпасының жағдайларын тіркеу 2,1 ретке төмендеді (35,7-дан 17,3-ке дейін);

-пенитенциарлық жүйеде АИТВ-жұқпасы жағдайын тіркеу 2,9 ретке азайды (14,3-тен 4,9-ке дейін);

-анадан балаға АИТВ жұғу 2,2 ретке азайды (2,2-ден 0%-ға дейін).

 

Ақмола облысында 2017 жылғы 4 ай ішіндегі эпидемиологиялық жағдай

 

Ақмола облысы АИТВ-жұқпасымен ауыратын орташа өңірге жатады. 2017 жылғы мамырдың 1-не 489 АИТВ-жұқтырғандар анықталды, 100 мың тұрғындарға шаққанда көрсеткіш 65,6, ал ортареспубликалық көрсеткіші - 111,3.

2017 жылғы 4 ай ішінде 40 АИТВ-жұқтырғандар анықталды, 2016 жылғы осы кезеңде -32.

АИТВ-жұқтырғандар облыстың барлық өңірлерінде тіркелген. Бұрынғыдай АИТВ-жұқпасының таралуы жоғары деңгейде Атбасар ауданында -100 мың тұрғынға 152,4, Жарқайың ауданы - 173,7, Ақкөл ауданы - 79,6 және Степногорск - 77,0, Көкшетау - 127,78.

Облыста есеп беру кезеңінде ең көп жұқтырғандар 30-39 жастағылар, олардың үлес салмағы 47,5 % құрады.

Бұрынғыдай АИТВ-ны жыныстық қатынас арқылы жұқтыру көп, осы жылы 80,0% құрады (2016-71,9); АИТВ-жұқтырған әйелдер 45,0% (2016-53,1), 30,0% АИТВ-жұқтырғандар ауылдық жерлерден.

Әлеуметтік-кәсіби дәреже бойынша 2017 жылғы 4 ай ішінде жұмыссыздардың үлес салмағы 37,5% құрады (2016 жылы-62,5), жұмыстылар-55,0% (2016 жылы-37,5), тергеу-қамалғандар-7,5% (2016-0).

Диспансерлік есепте 01.05.2017 жылға 474 адам кумулятивтік тұр, антиретровирустік терапияда 239 АИТВ-жұқт. тұр. Жүктілердің жалпы саны 110; 66-сы босанды. 35 туған бала «дені сау» ретінде есептен шығарылды, 24-і бақылауда. Бүгінгі таңда АИТВ-жұқтырған 7 бала.

Аудандарда тұрғындарға дер кезінде және жүйелі скрининг жасалады, оның нәтижесі-зертханалық зерттеумен облыстың 5,3% тұрғындары қамтылды (2016 ж-5,3%).

Облыста Бағдарламаның негізгі мақсатына қол жеткізілді - АИТВ-жұқпаның таралуы тұрақталды, оның шоғырланған кезеңі бас кезеңге ауысты, 15-49 жастағылар арасында АИТВ-ң таралуы 0,120% құрады, Меморандум бойынша күтілгені 0,180%.