«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ешкім және ешқашан ұмытылған жоқ...

10.05.2017

Жеңіс күнінің 72 жылдығы қарсаңында бас дәрігер Қ.Ж. Бурмаганов және Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының мамандары Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленинград блокадасында болған Мишина Н.А. барды. Нина Алексеевна 12 қараша 1926 жылы туған, соғыс басталғанда ол 14 жаста еді. Блокадада анасын, ағасын жоғалтты, әкесі фронтта қаза болды. 15 жасында «Ленметрострой» автошаруашылығының карбюратор цехына жұмысқа орналасты. Соғыстан кейін машинистка болып Ленин атындағы зауытта істеді. Күйеуімен Ленинградта танысты. 1964 жылы Қазақстанға, Көкшетау қаласына көшті. Әмбебапта істеді. Қазір жесір, жалғыз тұрады. Наградалары бар: «ҰОС ардагері» медалі, «Блокаданың 900 күні», 5 «Фашистік Германияны жеңгені үшін» медалі.

Бұл Нина Алексеевнаға соңғы бару емес, себебі Ақмола ОЖИТСО Ұлы Отан соғысының ардагеріне көмек көрсетуді өз жауапкершілігіне алды.