2017 жылғы 1 тоқсан ішінде Ақмола ОЖИТСО-ң барлық қызметі облыста АИТВ-жұқпасының таралуын одан әрі тежеуге бағытталды.
2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жаңа оқиғалардың өсуіне қарамастан (29 оқиға 22 оқ. қарай) Ақмола облысы АИТВ-жұқпасымен ауыратын орта өңірге жатады және 100 000 тұрғынға шаққанда 3,9 көрсеткішімен республиканың барлық облыстары арасында 8 орынға ие. Жаңа оқиғалардың қатары негізінен тексерілген адамдар санының өсуімен байланысты.
АИТВ-жұқтырған мұқтаж адамдарды антиретровирустік терапиямен қамту жоғары деңгейде (92,1%) (242-ің 223-і СД-4 1 мл 350 клеткалар табалдырығы деңгейінде), АИТВ-жұқтырған жүктілер және жаңа туған нәрестелер ППМР бағдарламасы бойынша алдын алу емдеумен 100% қамтылған, соның нәтижесінде 2017 жылғы 1 тоқсан ішінде АИТВ-жұқпасының вертикалды жұғу оқиғалары тіркелген емес.
Басымды бағыттардың бірі тұрғындардың осал топтары арасында алдын алу жұмысы болып табылады. Инемен егіп есіртке тұтынатын (ИЕЕТ) адамдарды алдын алу бағдарламасымен қамту есеп беру кезеңі ішінде 47% құрады, секс қызметкерлері (РС) - 64%.
ОЖИТС-ң жоспарлы алдын алу және емдеу жұмысы 15-49 жастағы топтарда АИТВ-ң таралуын 0,119% шеңберінде ұстап тұруға мүмкіншілік берді, бұл РЖИТСО және ОДСБ арасында 2017 жылға жасалған Меморандуммен қарастырылған көрсеткіштерден аспайды.