ҚР Қылмыстық кодексінен үзінді 2014 жылғы 3 шілдедегі No 226-V ҚРЗ.
118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ)жұқтыру
1. Басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Өзiнде АИТВ бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді жасаған адам, егер АИТВ жұқтыру қаупіне душар болған не оны жұқтырған басқа адам біріншісінде осы аурудың бар екендігі туралы уақтылы ескертілген және жұқтыру қаупін туындатқан әрекеттерді жасауға өз еркімен келіскен жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
120-бап. Зорлау
1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау -
бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мыналар:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа да адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;
3) жәбірленушіге соз ауруын жұқтыруға алып келген;
4) бірнеше рет жасалған;
5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау -
тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;
4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3-1. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:
1) олар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
3) оларды қылмыстық топ жасаса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3-2. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе 3-1-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) екі және одан көп кәмелетке толмаған адамдарға қатысты жасалса;
3) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде, 3-1-бөлігінің 3) тармағында және 3-2-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар жас балаға қатысты жасалса не абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
317-бап. Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы
1. Медицина немесе фармацевтика қызметкерiнiң кәсiптік мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы, тиiсiнше орындамауы, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келсе, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Медицина жұмыскерiнiң, сол сияқты халыққа тұрмыстық немесе өзге де қызмет көрсету ұйымы жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды
тиiсiнше орындамауы, егер бұл іс-әрекет басқа адамға АИТВ жұқтыруға әкеп соқса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.