Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы " Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" ШЖҚ МКК "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну" мемлекеттік қызметтерінің бір түрін көрсетеді. Қызмет тегін көрсетіледі. 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету саны - 8 526 құрады, оның ішінде:
- 8 526 электрондық түрде, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз.
1.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орталықтың ресми интернет-ресурсында Мемлекеттік қызметтер бөлімінде орналастырылған. Бұдан басқа, ақпарат ақпараттық стендтерде жалпыға қолжетімді орындарда орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2022 жылы орталық қызметкерлері пациенттермен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ыңғайлы болу және халықтың өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы үшін, Орталықтың 1 қабатында барлық қажетті "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" ұйымдастырылып, жабдықталды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен оларды көрсету тәртібі бар стендтер рәсімделді.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызметі.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралары.
Есепті кезеңде мамандарды оқыту жүргізілмеген, 2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру жоспарланған.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Орталыққа шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Есепті кезеңде ескертулер анықталмаған, осы қызмет бойынша шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі болашақта тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру
Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткішін орындау: азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру.