Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі.
Жоғары санатты ұйымдастырушы дәрігері- Сабира Асеновна Ашимова басқарады.
Бөлім құрамында-1 ұйымдастырушы дәрігер және 1 санақшы бар.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
2. Міндеттері
- Өңірде ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, жобалық ұсыныстарды, перспективалық бағдарламаларды, оларды іске асыру жоспарларын әзірлеуге қатысу;
-Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне, медициналық, ведомстволық және қоғамдық ұйымдарға өңірде АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;
- Облыста ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау нәтижелері туралы деректерді жинау және талдау қызметін үйлестіру;
- ЖИТС РО және ДСБ арасында белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша мониторингті жүзеге асыру;
- Орталықтың материалдық базасының жағдайын талдау, кадрлық қамтамасыз ету, кадрларды даярлау, қайта даярлау және уақытылы оқыту, орталық қызметін құқықтық қамтамасыз ету, орталық жұмысының әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Үйлестіру кеңесінің отырысына, ДСБ, МСЭҚД алқаларының, облыстық мәслихаттың, ЖИТС-пен күрес және алдын алудың медициналық кеңесінің отырыстарына материалдарды, қызметтің есепті кезеңдердегі қызметі туралы ағымдағы есептерді дайындау;
- ДСБ, ЖИТС РО, ДСД РО, МФҚБК, МҚАК, МСЭҚК, басқа ведомстволармен өзара әрекет жасау.
Эпидемиологиялық бөлімі.
Бөлімді бірінші санатты эпидемиолог дәрігері- Батеш Искаковна Бапенова басқарады.
Бөлім құрамында 2 эпидемиолог дәрігері, 3 эпидемиолог көмекшілері бар.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-АИТВ-инфекциясының жағдайларына, сырқаттануына және таралуына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, эпидемиологиялық жағдайды талдау және бағалау, АИТВ-инфекциясының таралу қарқынының алдын алуға және төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу;
-АИТВ-инфекциясының ошақтарындағы жұмысы: ИФТ-да алғашқы оң талдаулары бар адамдарды іздеуді жүргізу және АИТВ-инфекциясына қосымша тексеруге шақыру; байланыста болған адамдарды іздеу және тексеру, инфекция көзін анықтау, байланыста болған адамдармен алдын алу жұмысын жасау;
- Халықтың негізгі топтары арасында шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу (ИЕТ, СҚ, сотталғандар);
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
- Алдын алу іс-шараларды іске асыру бөлігінде республикалық, өңірлік және ведомстволық бағдарламалардың іске асырылуына мониторингті және ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, олардың тиімділігін талдау.
- Алдын алу іс-шараларды іске асыруда медициналық, Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету, олардың ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларды мониторингтеу және бағалау нәтижелері туралы деректерді жинау және талдау жөніндегі қызметін үйлестіру, оларды жүргізу тиімділігінің мониторингін жасау;
- Донорлық қанның қауіпсіздігін эпидемиологиялық қадағалау.
Міндетті контингентті АИТВ зерттеумен қамтуды 100% қамтамасыз ету жоспарындағы №1280 Үкімет Қаулысының орындалуына мониторинг жүргізу (қан және оның компоненттері реципиенттері, АИТВ-мен байланыста болатын негізгі топтар (ИЕТ, СҚ, сотталғандар);
-ҚАЖ департаментімен, ІІД, МСЭҚК Департаментімен, үкіметтік емес ұйымдармен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- "АИТВ-инфекциясының жағдайларын электрондық бақылау жүйесі"; "EpiInfo", Э-ШЭҚ, ШЭҚ нәтижелерін талдау бойынша RDS-A; "Скрининг (Ф4)"компьютерлік бағдарламаларын жүргізу;
- ДСБ, ЖИТС РО, ДСД РО, МФҚБК, МҚАК, МСЭҚК, басқа ведомстволармен өзара әрекет жасау.
Алдын алу жұмысы бөлімі.
Бірінші санатты эпидемиолог дәрігері Балтабаева Асель Булатовна басқарады.
Бөлім құрамында 2 эпидемиолог дәрігері, 1 эпидемиолог көмекшісі, 1 баспасөз хатшысы. Сонымен қатар бөлім құрамында 3 сенім пункті бар ( Көкшетау қ., Щучинск қ., Степногорск қ., онда 4 медбике жұмыс істейді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Аймақтағы алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
- АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларды, мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп алдын алу іс-шаралар мен білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;
- Облыста ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу бағдарламаларын іске асыру мониторингін және ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаларды бағалауды жүзеге асыру;
-Бұқаралық ақпарат құралдарын: теледидар, радио, газеттер, ақпараттық агенттіктер, веб-сайттарды тарта отырып, халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
- Педагогтерді, мектеп оқушыларын, жоғары және орта оқу орындарының студенттерін оқытуды ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде арнайы іс-шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар, сауалнама, оқыту бейнероликтерін көрсету және басқалар);
-Облыс бойынша аутрич қызметкерлер, ШАП арқылы халықтың негізгі топтары арасында "Зиянды азайту" алдын алу бағдарламасын ұйымдастыру және өткізу (ИЕТ, СҚ) ;
- АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша арнайы оқыту әдебиетін (парақшалар, бүктемелер, әдістемелік құралдар, бейне және аудиоөнімдер және басқалар) әзірлеу, басып шығару және тарату;
-Бизнес-құрылымдардың, туристік фирмалардың қызметкерлерін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
- Жүзеге асырылатын алдын алу және ақпараттық-білім беру бағдарламаларының тиімділігін зерттеу мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізу.
- ДСБ, ЖИТС РО, БЦП, басқа да ведомстволармен өзара әрекет жасау.
Емдеу-алдын алу жұмысы және диспансерлеу бөлімі.
Бөлімді жоғары санатты инфекционист дәрігері- Сандугаш Имангалиевна Бурмаганова басқарады.
Бөлім құрамына психо - әлеуметтік кеңес беру кабинеті және достық кабинеті кіреді.
Бөлім штатында 4 дәрігер-инфекционист, оның ішінде 1 балалар дәрігер-инфекционисті( қоса атқарушы) , 1 -дерматовенеролог дәрігері, психолог, 4 медбике бар.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
2. Міндеттері
- Облыста ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларды бағалау және мониторинг нәтижелері туралы деректерді талдау және жинау бойынша қызметті, АИТВ жұқтырған адамдарды диспансерлеу, емдеу-алдын алу жұмыстарын үйлестіру;
-Өңірде АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мәселелерін ұйымдастыру бойынша, Медициналық, ведомстволық және қоғамдық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, практикалық көмек көрсету; АИТВ жұқтырған адамдарды, оның ішінде сотталғандарды диспансерлеу бойынша; жүкті әйелдер мен АИТВ жұқтырған аналардан туған балаларды жүргізу;
- АРВ-терапияны қоса алғанда, АИТВ жұқтырған адамдарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға білікті көмек көрсету;
-АИТВ-инфекциясының тік трансмиссиясының, ауруханаішілік АИТВ жұқтырудың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу;
- Жобалық ұсыныстарды, перспективалық бағдарламаларды, оларды іске асыру жоспарларын әзірлеуге қатысу;
-АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша емдеу-алдын алу іс-шараларын іске асыру бөлігінде республикалық, өңірлік және ведомстволық бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеуді және ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, олардың тиімділігін талдау;
-ДСБ, ЖИТС РО, ДСД РО, МФҚБК, МҚАК, МСЭҚК, ҚАЖКД, АОФО, АОНО, АОКВД, акушерлік-гинекологиялық-педиатриялық қызметпен және басқа ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау;
- АИТВ жұқтырған адамдардың алдын алу, диспансерлеу және емдеу мәселелері бойынша Медициналық, ведомстволық, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет жасау.
Диагностикалық зертханасы.
Зертхананы бірінші санатты зертханашы дәрігері - Гульнара Кайролловна Шешмуканова басқарады.
Зертхана құрамында 3 -зертханашы дәрігері, 11- зертханашы, 3- санитар жұмыс істейді.
Зертхананың негізгі міндеттері.
-ҚР-да қолданылып жүрген иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) әдісімен АИТВ-инфекциясын кезең-кезеңімен диагностикалаудың бірыңғай тактикасына сәйкес, АИТВ-инфекцияларына зертханалық диагностика жүргізу.
- Серопозитивті сарысуларды референс зертханасына АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасының ІІІ кезеңін жүргізу үшін қайта бақылауға жіберу.
- Вирустық гепатиттерді, ЖИТС-пен байланысты және жыныстық жолмен берілетін басқа да ауруларды ИФТ әдісімен зертханалық диагностикалау.
- Қайталама иммунодефициттерге, жалпы клиникалық және биохимиялық зерттеулердің жекелеген түрлеріне зертханалық диагностика жүргізу;
- АРВ-терапиясын жүргізу тиімділігінің зертханалық мониторингін жасау.