«    Ноябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




МӘМС-ті еңгізу туралы О.Байгожинмен сұхбат.

 

Қазіргі кезде Қазақстанның барлық өңірлерінде медициналық қызметкерлер арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды акция жүріп жатыр.

Құрамына денсаулық сақтау жүйесінің белгілі өкілдері кірген арнайы топтар олармен кездесулер, семинарлар өткізіп, МӘМС-ті енгізуге байланысты барлық сұрақтарға толық жауап беруде. Республикада өткізіліп жатқан осы кең ауқымды жұмыс туралы өз пікірін білдіруді Ақмола облысы денсаулық сақтау ісінің ардагері Олжабай Байғожинге қолқа салдық.

-Қазақстанда мемлекеттің, жұмыс берушінің және әр адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген медсақтандыру жүйесі енгізілетіні қуанышты, дейді Олжабай Кубиұлы. -Ерекше маңыздылығы, мемлекет енді экономикалық белсенді емес тұрғындар- зейнеткерлер, студенттер, оқитын жастар, мүгедектер үшін жарна төлеуді өзіне алады, ал жұмыс берушілер - жалданған жұмысшылар үшін. Сондай-ақ өзі үшін өзін өзі жұмыспен қамтушылар және салық органдарында тіркелген барлық жұмыскерлер осыны істейді. Маңыздылығы сол, мемлекет азаматтарды медициналық көмектің кепілді тегін мөлшерімен (МККТМ) қамтамасыз етуді, әлеуметтік маңызды аурулар, күрт жағдайлар кезінде медкөмек көрсету, жедел жәрдем, санитарлық авиацияның қызмет көрсетуі және вакцинацияны сақтайды. Сондай-ақ 2020 жылға дейін денсаулық сақтауды қорғауға жалпы құқықты қамтамасыз ету мақсатында МККТМ аясында сақтандырылмаған азаматтарға амбулаторлық-емханалық көмек, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамсыздандырумен қатар, көрсетіледі. Сақтандыру медицинасына көшу өте маңызды, себебі мұндай практика бүкіл әлемде пайдаланылады. Бүгін пациенттің денсаулығы үшін жауапкершілік дәрігер мен медбикенің мойнында, ал азамат пен жұмыс беруші ештеңеге жауап бермейді. Енді сақтандыру медицинасы ұлттың және азаматтың денсаулығы үшін барлығының жауапты болуына мүмкіншілік жасайды. Бүгін Қазақстанның азаматы ұшін барлық қажетті жағдай жасау керек, ол кез келген жағдайда білікті медициналық көмек алуға қамтамасыз етілуге тиіс. Осы жөнінде тек қана мемлекет емес, пациент пен жұмыс беруші де мүдделі болуға тиіс. Сонымен азаматтың денсаулығы үшін үш тарап ортақ жауапты болады.

- Сіз енгізілетін МӘМС жүйесінің басқа қандай әлеуметтік жақтарын ел халқы үшін ерекше маңызды ретінде бөліп айтар едіңіз?

-Өте маңызды деп есептейтінім, азаматтарға амбулаторлық-емханалық көмек, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамсыздандырумен қатар, көрсетілетіні, стационарлық медкөмек, жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету, стационарлық алмастыру технологиялар жасалатыны, ұзақ мерзімді медбикелік күтім көрсетілетіні. Сонымен қатар, олар сақтандырылып, жеке сақтандыру компанияларымен жасалған келісім-шарт негізінде МӘМС жүйесімен қарастырылмаған медициналық қызмет көрсетуге ие болады.

Бүгін медициналық көмектің кепілді тегін мөлшерін мемлекет төлейді, ал келесі жылдан бастап тұрғындар емес, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры төлейтін болады. Бұл жеке секторларға өз жұмысының сапасына нұқсан келтірмей медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі жағдайында қызмет көрсетуге мүмкіншілік береді. Тұрғындар үшін бұл өте қолайлы, себебі қазіргі таңда жеке клиникаға барған азамат 100% ақысын төлеуге мәжбүр.

-Олжабай Кубиұлы, МӘМС енгізу бойынша науқанды өткізуде ұйымдастыру сәттеріне қатысты қандай пікіріңіз бар?

-Ең алдымен атап өту керек, бұл ешкімге күтпеген жағдай болған жоқ, бастапқы кезеңдегі барлық ережелерді, нормаларды, қаржылық және заңдылық сәттерін түсіндіру жұмысына жеткілікті уақыт берілді. Мемлекет, жұмыс берушілер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына (ӘМСҚ) ақша аударуды 2017 жылғы қаңтардың 1-нен бастайды. Сонымен, болашақ МӘМС пайдаланушыларға медициналық сақтандырудың жаңа жүйесінің қызмет көрсетуінің барлық тетіктері мен сәттерін терең біліп алуға мүмкіншілік пен уақыт берілді. Сонымен қатар, оны енгізудегі бастапқы кезеңде пайдаланушылардан қаражат алудың жеңіл тәртібі қарастырылған. Айта кету керек, ӘМСҚ-ға жарна төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылған, олардың 12-сі тұрғындардың әлеуметтік-осал топтары, сондай-ақ әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Сарапшылардың болжамы бойынша, МӘМС енгізу нәтижесінде елде медициналық көмек көрсету деңгейі біршама жетіледі, сондай-ақ дәрігерлерге еңбекақыны көбейтуге мүмкіншілік пайда болады. Ал бұл біздің медицина үшін өте өзекті мәселе. Сонымен қатар ауруханалар жоғары сапалы жабдық пен қымбат дәрі-дәрмек сатып ала алады. МӘМС адамға өз бюджетінен қолма-қол ақша шығармай-ақ тексерілуден өтуге, ал қажет болған жағдайда, ем қабылдауға мүмкіншілік береді. Менің ойымша, мемлекеттің бұл бастамасы Қазақстан халқының барлық топтарынан түсінік пен қолдау табады.