Ақпарат
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі №360-VI "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII Заңы негізінде толықтырулар енгізілді мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) адамдардың медициналық ұйымда медициналық қызмет көрсету кезінде мынадай құқықтары болады:
- 77 бабы. 1-1 т. ҚР азаматтарының құқықтары. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектігі бар адамдардың) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетуге құқығы бар;
- 78 бабы. 6-1 т. Балалардың құқықтары. Мүмкіндігі шектеулі балалардың (мүгедек балалардың) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетуге құқығы бар;