-->

«    Октябрь 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




ЖИТС құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні өтеді, ол АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдаудың таңбасы, АИТВ-инфекциясының салдарынан зардап шеккендерді еске алудың белгісі, халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға әрекетке шақыру болып табылады.

Оны алғаш рет 1983 жылы Сан - Францискода (АҚШ) ЖИТС-ке жеке әсер еткен немесе қатты алаңдаған адамдар тобы ұйымдастырды. Қазір бұл дәстүрге айналды. Бұл күні әлемнің барлық елдеріндегі миллиондаған адамдар өлгендерді еске алу және тірі адамдарға ЖИТС індеті әрқайсымызға әсер етуі мүмкін деп ойлауға мүмкіндік беру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Бізбен бірге болмаған адамдарды еске алу, АИТВ және ЖИТС-пен өмір сүретін адамдарды, олардың достары мен жақындарын қолдау, қоғам мен Үкіметтің назарын АИТВ - инфекциясының проблемасына аудару-еске алу күнінің негізгі міндеттері.

 

      Бұл күні адамдар киімге қызыл лента байлайды - миллиондаған адамдардың қайғы-қасіреті мен естелігінің белгісі, АИТВ - оң мәртебесі бар адамдармен ынтымақтастық белгісі, ЖИТС-тың шекарасы, ұлты, жынысы мен жасы жоқ екенін түсіну белгісі. Ең бастысы, адамзат бұл ауруды жеңеді деген үміт таңбасы.