Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы тұрғындармен АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы түсіндіру акцияларын өткізуде. 19 мамыр 2017 жылы Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында орталық базар, теміржол вокзалы және орталық әмбебап аумақтарында тұрғындарға арналып акциялар өткізілді. АИТВ-жұқпасының алдын алу және МӘМС бойынша буклеттер таратылып, орталық мамандары сұрақтарға жауап берді. 150 адам қамтылды.
1 маусым 2017 жылы ОЖИТСО маңында буклеттер таратылумен бірге МӘМС-ң не екені туралы, не үшін медициналық мекемеге бекітілу және өз дәрежеңмен айқындалу керектігі жөнінде түсіндірме акциясы жүргізілді. Қамтылғаны 23 адам.
2 маусым 2017 жылы ОЖИТСО орталығының қызметкерлері МӘМС бойынша оқыту семинарын өткізді, баяндамашылар - бас дәрігер К. Бурмаганов және алдын алу бөлімінің меңгерушісі Хван З.А. 41 адам қатысты.